Ауғанстанның 1,6 миллиард берешегін кешетін болды

АСТАНА. Қаңтарды 27-сі. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк Ауғанстанның 1,6 миллиард доллар берешегін кешу туралы шешімді мақұлдайды.

Ауғанстанның  1,6 миллиард берешегін   кешетін  болды

Халықаралық қаржылық ұйымдардың басшылары, борышы көп кедей елдерге көмектесуге бағытталған халықаралық бастамалардың өзінде жүзеге асырылуына қажетті барлық шараларды Ауғанстанның орындағанын мәлім етіп отыр, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Берешектердің басым бөлігі осынау бастаманың аясында кешілсе, 260 миллион доллары Париж кредиторлар клубының «үлесі».

Бейсенбі, қаңтардың 28-інде Лондонда Ауғанстан бойынша халықаралық конференция өтіп, онда ол елге әскери және экономикалық тұрғыдан көмектесу мәселелері талқыланатын болады.