Ауғанстанның қауіпсіздік күштері президенттік сайлау кезіне жоспарланған бірнеше лаңкестік әрекеттің алдын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Гильменд өлкесінде жанкештілердің қатысуымен орын алмақ болған бірнеше лаңкестік әрекеттің алдын алды. "Хаама-пресс" агенттігінің хабарлауынша, соңғы 24 сағаттың ішінде 11 содыр тұтқындалды.
None
None

Республика қорғаныс министрлігі өкілінің сөзіне қарағанда, үкіметтік әскер жүргізген лаңкестікке қарсы операция барысында «Талибан» қозғалысының жанкештілер тобы анықталған. Олар қаскүнемдік әрекеттерге дайындалып, 5 сәуір күні өтетін президенттік және муниципалды сайлау кезінде лаңкестік қадамдарға бармақ болған.

Әскери рейд кезінде қару-жарақ пен жарылғыш заттар қоймасы да табылып отыр.

Айта кетерлігі, бүгін түнде Гильменд өлкесінің Гармсир ауданында экстремистердің тосқауылына түсіп алған екі полиция қызметкері қаза тапқан. Осыдан кейін іле-шала алты содыр қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар