13:34, 25 Қазан 2015 | GMT +5
Ауғанстанның Құндыз қаласындағы ауруханада болған атыс құрбандарының саны 30-ға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласында «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы госпиталінде болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамға жетті. Бұл туралы гуманитарлық ұйым хабарлады.

«Ресми деректерге сәйкес, 23 қазанда ұйымның қаза тапқан қызметкерлерінің саны 13 адам болған. Тағы біреуі кейін қаза тапты. Сонымен бірге, 10 науқас көз жұмып, тағы екеуі қаза болғандар қатарында. Қираған ауруханда табылған тағы жеті марқұмның аты-жөні анықталуда. Өкінішке орай, бұл соңғы құрбандар емес», - деп хабарлады РИА Новости «Шекарасыз дәрігерлер» ұймының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.