Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы инвестиция көлемі 1,7 есеге өсті

АСТАНА. KAZINFORM — салаға бағытталған инвестиция көлемі 1,7 есеге өсіп, 9,5 млрд теңгеге жетті. 

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы инвестиция көлемі 1,7 есеге өсті
Фото: ҚР АШМ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы қарқынды дамып келеді.

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында салаға бағытталған инвестиция көлемі 1,7 есеге өсіп, 9,5 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

— Өсім көрсеткіштеріне Шығыс Қазақстан облысында жылына 500 жаңбырлатқыш машиналарын өндіретін «Еrtis Bereke Oskemen» компаниясының және Жетісу облысында жылына 960 жаңбырлатқыш машиналарын құрастыратын «Jetisu Agro Complex» компанияларының жобаларын іске қосу ықпал етті, — делінген хабарламада.

Аталған екі жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 8,1 млрд теңге болды.

Айта кетелік Қазақстанда сиыр тұқымын эмбрион деңгейінде асылдандыратын зертхана ашылуы мүмкін

 

Соңғы жаңалықтар