Ауыл тұрғындарының тұтынушылық құқығы қалай қорғалып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ауылдағы ағайындардың тұтынушылық құқығы тиісті деңгейде қорғалып жатыр ма? Бұл сауалға Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің өкілі жауап берді.

Жетісуда ауыл тұрғындары мәдениет нысанын заңдастыра алмай жүр
Фото: Айбек Құттыбек/Kazinform

- Әрине, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өзім жақында өңірден келдім, біз міндетті түрде ауыл әкімдіктерімен бірлесіп кем дегенде аптасына бір рет түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бүкіл сауда орындарын аралап, талаптардың қалай орындалып жатқанын қарап шығамыз. Мақсат – шара қолдану емес, сатушыға заң талаптарын түсіндіру. Себебі сатушы заң талаптарын білсе, тұтынушы құқығын бұзуға бармайды, - деді Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті өкілінің мәлімдеуінше, аудандық газетте айына бір рет тұтынушылардың құқығы туралы түсіндірме іс-шаралар жөніндегі ақпарат шығу тұруы тиіс деген ұсыныс берілген.

Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігінің маманы «Тауардың жарнамадағы бағасы мен дүкендегі бағасы арасында айырмашылық болса, не істеу керек?» деген сауалға жауап берген болатын.

Айта кетейік, жыл басынан бері 2,2 млрд теңгеге тұтынушылардың құқығы қорғалды. 

Соңғы жаңалықтар