Ауылды кадрмен қамту: жоғары оқу орындарына арнайы квота бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM — Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына арнайы квота бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім беру бағыттарының тізімі бекітілді.

а
Фото: Бәйтерек ауданы әкімдігі

Тиісті бұйрыққа Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 тамызда қол қойды.

Құжатқа сәйкес, квота 63 білім беру бағдарламасы тобына қолданылады. Арнайы тізімге ауылдық жерлерде сұранысқа ие педагогикалық, медициналық, аграрлық, техникалық және гуманитарлық мамандықтар енгізілген.

Оның қатарында:

— Педагогика саласындағы бағыт — қазақ, орыс, шетел тілдері, математика, физика, биология, химия, география, құқық негіздері мен экономика, музыка, көркем еңбек, дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау, сондай-ақ бастауыш және мектепке дейінгі білім беру;
— Медицина және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар — жалпы медицина, педиатрия, стоматология, фармация, мейіргер ісі және санитарлық-гигиеналық іс;
— Аграрлық ғылымдар — өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, агроинженерия, ветеринария, орман және балық шаруашылығы, су ресурстары;
— Инженерлік-техникалық және IT бағыт — механика, энергетика, көлік құрылысы, электротехника, ақпараттық технология, гидромелиорация, сумен жабдықтау;
— Басқа да басым салалар — туризм, қонақ үй және мейрамхана ісі, санитария, өрт қауіпсіздігі, әлеуметтік жұмыс, менеджмент, журналистика, дәстүрлі музыкалық өнер және дін.

Айта кетейік, кеше мемлекеттік білім беру гранттары тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар