Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарды мерзімінен бұрын босату шарты өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Толығырақ Әділет министрлігі қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов айтып берді.

документы госслужба
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

- Қылмыстық-атқару заңнамасында ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін шартты мерзімнен бұрын босату, мерзімді есептеу және жазасын өтеудің қатаң шарттарына өзгерістер енгізіледі. Бұл дегеніміз Қылмыстық кодекстің 72, 73 және 79 бабы. Аталған шара адам өмірі немесе денсаулығына қарсы қылмыстарға қатысты құқық бұзушылық жасағандар үшін жазаны күшейтуге бағытталған,- деді Думан Сүлейменов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан әрі Әділет министрлігінің өкілі коллекторлар қызметінің жауапкершілігі күшейетінін тілге тиек етті.

- Коллекторлардың қызметін теріс пайдалану жайттары бойынша, яғни қарызды өндірудің заңға жат тәсілдерін қолдану, қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын бұзу және өзге де әрекеттер үшін жауапкершілік қатаяды (Қылмыстық кодекстің 251, 252-баптары). Қазір 214 және 223-бабы коллекторларды ірі залал келтіру жағдайында ғана жауапқа тартады. Коллекторлар құзыретін жеке пайдасына немесе үшінші тұлға пайдасына асыра қолдануы, қоғамға төнген қауіп. Сондықтан коллекторлық агенттік қызметкерлерінің мансабын асыра пайдалану әрекеттеріне қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылады,- деп толықтырды ведомство өкілі.

Еске салсақ, жыл басында Ішкі істер министрлігі елімізде ауыр қылмыс саны айтарлықтай төмендегенін хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар