Аула сыпырушының орнына жарияланған конкурсқа 500 адам қатысты - Корея
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда аула сыпырушының орнына жарияланған конкурсқа 500 адам қатысты,
деп хабарлайды РСН агенттігі.
Конкурсқа қатысушыларға иықтарына күріш салынған қапшықтарды қойып, 20 шақырым қашықтыққа жүгіру туралы ұсыныс жасалды. Осылайша олардың шыдамдылықтары тексерілді. Одан кейін үміткерлер жылдамдықтарын паш етіп, 100 метрлік учаскені уақытқа жарысып сыпырып шықты. Конкурстың тағы бір сынағы - иттердің «тезектерін» жинау болды.