Ауру адамға дәрігерлік көмек көрсетпеген қабылдау бөлімінің меңгерушісіне қатысты үкім шығарылып, екі жыл шартты жаза берілді

ТАРАЗ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз қалалық №2 ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісіне қатысты іс қаралып, оған екі жыл шартты жаза кесілді.
None
None

Естеріңізге сала кетейік,  бұдан бір жыл бұрын осы меңгеруші Жамбыл облысының құрметті азаматы, КСРО және ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы, Талас ауданының алғашқы кенші-инженері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  75 жастағы Нұрахан Оразбаевты қабылдау бөлімінен қуып шыққан болатын.

Оның қызы Алма Оразбаеваның айтуынша, ол өкпе қабынуына орай шұғыл дәрігерлік көмекке жүгінген болатын, алайда сот-сараптамалық медицина қорытындысы оның медицина мекемесі ауласының қасында миокард талмасынан қайтыс болғанын көрсетті.

«Сот үдерісіне төрайым болған Роза Мадалиева үкім шығару кезінде қорытынды отырысқа жәбірленуші жақты да, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін де кіргізген жоқ», - дейді А.Оразбаева.

Жәбірленуші тарап үкімге риза болмай, талап-шағым бермек.

Соңғы жаңалықтар