Ауру салдарынан қозғалысы шектелген балаларға қажетті құралдар уақытша беріледі
АСТАНА. KAZINFORM – Ауруға шалдығу салдарынан қозғалыс функциялары уақытша шектелген балаларға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру қағидалары бекітіледі. Құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тиісті қағидалар күшіне енгеннен кейін қозғалыс функциялары уақытша шектелген балалар қажетті құралдарды – кресло-арбаларды, балдақтарды, жүргіштерді, таяқтарды, тіректер мен тұтқаларды уақытша пайдалануға ала алады.
Балаларды аталған құралдармен қамтамасыз ету олардың тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа шара балаларды оңалу кезеңінде қажетті қозғалыс және тірек құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл кешенді көмектің қолжетімділігін арттырып, тіршілік-тынысының тұрақты шектелуі мен мүгедектіктің даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.
Құжат 16 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шырғалған.
Айта кетейік, Жамбыл облысында жарты жыл ішінде 434 балаға алғаш рет мүгедектік белгіленді.