13:49, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Аурухана ғимаратын жөндеуге бөлінген қаржыны ұрлаған қылмыскерлер ұсталды - Қаржы полициясы
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Оңтүстік Қазақстан облысында аурухана ғимаратын жөндеуге бөлінген қаржыны ұрлаған қылмыскерлер ұсталды.
Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, облыстағы «МКиК» ЖШС директоры және Бәйдібек аудандық медициналық бірлестігінің бастығы өзара келісіп, материалдық тауарларды сатып алудың жалған құжаттарын жасау арқылы Орталық аудандық аурухананың ғимаратын жөндеуге бөлінген 54 млн.теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлаған. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.