Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен өткізді.

Бірінші партияда румыниялық спотшы басым түсті - 6:2.

Есесіне содан кейін Юлия таразы басын аудара білді - 6:4, 6:3.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Ю.Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның үздік нәтиже көрсетіп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 20 эйс жасаған Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар