Australian Open: Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті.

Заңғар Нұрланұлы
Фото: ҚТФ

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген 17 жастағы З.Нұрланұлы екінші айналымда аустралиялық Таики Такизаваға қарсы келді.

Бірінші партияда Заңғар 7:5 есебімен басымдылық танытты. Екіншісінде корт иесі есе қайырды – 6:1. Үшінші, шешуші сетте Нұрланұлы жеңісті жұлып алды – 6:3.

Матч 1 сағат 40 минутқа созылды.

Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін доданың 9-ракеткасы, ресейлік Савва Рыбкинмен таласады. Ол екінші айналымда жапониялық Хю Каванисиді жолдан тайдырды – 3:6, 7:5, 6:2.

Тағы бір қазақстандық Дамир Жалғасбай екінші айналымда ертең аустриялық Тило Бехрманмен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Александр Бубликтің жеңіс сериясы тоқтағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум