Аусыл ауруы анықталған Ақмола облысынан елордаға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге тыйым салынды

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Үй малдарынан аусыл ауруы анықталған Ақмола облысының аумағынан Астанаға мал шаруашылық өнімдерін жеткізуге тыйым салынды.
None
None

Бұл туралы жұма, маусымның 18-і күні өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті басқармасының бастығы Ақын Ыспұлаев мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы Ақмола облысы Ерейментау ауданы Новодолинка ауылында жоспарлы тексерістер жүргізіп, 241 бас ірі қара малдан «О» антиген типті аусыл ауруын тапқан болатын.

А.Ыспұлаевтың сөзіне қарағанда, аталмыш ауылдық округтің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, төрт түлік иелерінен ауру жануарларды жоюға рұқсат алынды. Барлығы 639 бас ірі қара, 767 - ұсақ мал және 487 - шошқа жойылуға жатады.

Соңғы жаңалықтар