Аутоиммунды ауруға шалдыққан әр пациентке бірегей терапия режимі қажет – ревматолог
АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы уақытта Қазақстанда аутоиммунды аурулардың жиілеуі байқалады. Бұл дерт адамның иммундық жүйесінің сау жасушалары мен тіндерін үзетін сирек кездесетін аурулар тобына жатады.

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының аутоиммунды аурулар орталығының ревматолог-дәрігері Эльмира Тұрдышева Kazinform агенттігінің тілшісіне аталған аурудың пайда болу себептері, алғашқы белгілері және емдеу тәсілдері туралы айтып берген еді.
- Эльмира Өмірбекқызы, аутоиммунды аурулар дегеніміз не ?
- Қарапайым тілмен түсіндірсек, бұл иммундық жүйенің бұзылуына байланысты қорғаныс жасушалары иммунитетті қорғамай, керісінше оған қарсы шығады. Яғни дәнекер тініне, тамырлар мен буындарға қарсы бағытталуы мүмкін.
Аутоиммунды аурулар сирек кездеседі, бірақ соңғы уақытта аурудың өсуі байқалды. Бұл экологиямен, күйзеліспен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы етек алған кезде көптеген науқасты анықтадық. Мүмкін вирустық инфекция да ауруды қоздырған шығар.
Аутоиммунды аурулар – көбіне еңбекке қабілетті жастағы адамдар мен құрсақ көтеретін жастағы әйелдерге тән. Уақтылы емделмеген жағдайда пациент тіпті мүгедек болып қалуы мүмкін, кейін оның еңбекке қабілеттілігі жойылады. Бұл экономика тұрғысынан алғанда мемлекет үшін өте қымбат. Шығындар емдеумен қатар мүгедектік төлемдерін де қамтиды. Сондықтан ауруды ерте диагностикалап, жекелей қарау маңызды, себебі әр пациентке бірегей терапия режимі қажет.
- Аутоиммунды аурулар орталығының негізгі қызметі қандай ?
- Аутоиммунды аурулар орталығы бір жыл бұрын ашылған. Бүгінде әлемде осындай көптеген ауру бар. Біздің орталық ревматологиялық және нефрологиялық бейіндегі аурулармен айналысады. Командада 6 дәрігер бар, олар ревматологтар, нефрологтар және терапевттер.
Орталықта 30 адамға арналған төсек-орын бар, яғни терапия - 10, нефрология - 6, ревматология - 14. Біздің орталық озық зерттеулерді қолдану арқылы емдеуге ерекше көзқараспен қарайды. Сонымен қатар, жаңа препараттарды, соның ішінде биологиялық терапияны қолданамыз.

- Бүгінгі таңда ең көп таралған қандай аутоиммунды аурулар бар ?
- Аутоиммунды аурулардың арасында ревматоидты артрит (буын ауруы) және анкилозды спондилит (Бехтерев ауруы) жиі кездеседі, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы жас ер адамдарда.
Сонымен қатар, жүйелі қызыл жегі, склеродерма және Шегрен дерті сияқты дәнекер тінінің жүйелік аурулары еңбеккке жарамды және құрсақ көтеретін жасқа жеткен әйелдер арасында да кең таралған. Бұл ауруларды уақтылы диагностика жасап, емдесе ішкі органдарға кері әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, соңғы уақытта Такаясу ауруы, полиангиит және геморрагиялық васкулит сияқты жүйелік васкулиттердің жиілігі айтарлықтай өсті.
- Аутоиммунды аурулардың белгілері туралы айтып өтсеңіз ?
- Егер 3 айдан астам уақыт бойы бір жеріңіз ісіп, қызарып, қозғалыс кезінде ауырса, сондай-ақ таңертең денеңіз тырысса, теріде бөртпелер, түйіршіктер пайда болса, температураңыз ұзақ уақыт түспей қойса, салмақ тастай бастасаңыз, шашыңыз түсіп, қабыну белгілері пайда болса және буын ауруымен ауыратын болсаңыз міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Бұл аутоиммунды аурулардың, соның ішінде жүйелік дәнекер тіндер ауруларының алғашқы белгілері болуы мүмкін. Сонымен қатар зәр анализінде өзгерістер болса, ісініп, қан қысымыңыз ұзақ уақыт тұрақсыз болса, кеңес алу және тексеруден өту үшін невропатологқа бару керек.
- Бұл ауруға шалдығудың себебі неде ?
- Аутоиммунды аурулардың нақты себебін айту өте қиын. Дегенмен, олардың дамуына ықпал ететін факторлар бар. Олардың арасында күйзеліс, тұқым қуалаушылық, инфекциялар (вирусты қоса алғанда), жынысы мен жасы бар. Аутоиммунды аурулар көбінесе жүйелі дерт, яғни бұл бірден бірнеше мүшелерге, жүрекке, өкпеге және бүйрекке әсер етуі мүмкін.
- Аутоиммунды ауруларды емдеудің қандай әдістері бар ?
- Аутоиммунды аурудың мүмкін белгілері байқалып, шағымдар пайда болған кезде маманға жүгіну маңызды. Терапевт өз кезегінде қосымша тексеру үшін ревматологқа немесе нефрологқа жібереді. Ең қиыны, әр пациентке арнайы ем шарасын таңдау. Науқас емді ұзақ, мүмкін тұрақты түрде қабылдауы мүмкін. Біз терапияны әр пациентке оның жасын, ішкі ағзаларының жағдайын және аурудың белсенділігін ескере отырып тағайындаймыз.
Біздің пациенттер көбіне өмір бойы терапияны қажет етеді. Ремиссия кезеңінде де әдетте дәрі-дәрмекпен емдеу қажет. Ем-шара стационардан кейін кемінде 6 айға созылады. Аса ауыр жағдайда пациенттің жай-күйі туралы ақпарат қаланың емханаларына беріледі. Кенеттен ауруға шалдыққан жастар үшін бұл өте қиын. Біз мұндай жағдайда психологтар мен психотерапевттерді көмекке тартамыз.
- Әңгімеңізге рахмет!