08:43, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ауыл әкімдері халық алдында есеп берді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының селолық округтар мен кенттерінің әкімдері өткен аптада 400-ден астам есеп беру кездесуін өткізді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атқарушы органдардың әлеуметтік саладағы және елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстары туралы дәстүрлі есеп беру кездесулеріне өңірдің 18 мыңдай тұрғыны қатысты. Көптеген ауылдар мен селоларда ауыл көшелеріне жарық орнату мәселелері көтерілді. Май ауданындағы Қаратерек селолық округінің шағын ауылдарының тұрғындары селолық дәрігерлік амбулаториялардың медиктерінен аптасына бір рет ауылдарға келіп отыруды өтінді. Шарбақты ауданындағы Красиловка селосының тұрғындары да медицина мәселесін көтерді. Округте тек дәріхана, не сырқаттарды аудандық ауруханаға жеткізетін «жедел жәрдем» көлігі жоқ. Ағымдағы аптада қалалар мен аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері басталады.