Ауыл бизнесмендері ықпалдастық жағдайында тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жұмылуы керек - Үкімет басшысы

Бұл туралы бүгін Үкіметтің еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту мәселелеріне арналған отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.
«Ықпалдастық жағдайында біздің тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - бұл тек мемлекеттік ғана емес, сонымен бірге бизнестің де міндеті екендігін баса айтқым келеді. Сондықтан да мен ауылдағы бизнесті, агробизнесті жұмылып, мемлекет ұсынып отырған барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Менің ойымша, біз бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және оны сатылымға шығаруда жоғары дәрежеге көтеріле аламыз. Бұл ауыл шаруашылығының негізгі өндірісін көтеретін болады», - деді ол.
Сонымен қатар Үкімет басшысы өңір әкімдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісіне баса назар аударуы қажеттігін айтты.
«Бұл ауыл шаруашылығына жаңғыртудың нақты жолымен жүруге мүмкіндік беретін тағы бір өсім нүктесі. Сондықтан да әкімдерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге ерекше назар аударуға шақырамын», - деді С.Ахметов.