«Ауыл» ХДПП Ақтөбедегі террористік актіге қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5 маусым күні Ақтөбеде болған террористік актіге қатысты мәлімдеме жасады.

«Ауыл» ХДПП Ақтөбедегі террористік актіге қатысты мәлімдеме жасады

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Ақтөбе қаласында лаңкестердің бейбіт тұрғындарға шабуылы салдарынан қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Экстремистердің бұндай әрекеттеріне қатаң жауап беру қажет, діни экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністерінің алдын алу керек деп есептейміз.

Бұл зұлымдыққа қарсы күресте ынтымақтастық қажет.

Біз еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтап қалу үшін барлық күш-жігерімізді салуға дайын екенімізді бүкіл әлемге көрсетуіміз қажет», делінген партия таратқан мәлімдемеде.