Ауыл кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам 5 мыңға жуық шағын несие берілді - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

Аталған бағыттың мақсаты - ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау болып табылады. Республика бойынша Қор тарапынан ағымдағы жылы ауыл кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден астам 5 мыңға жуық шағын несие берілді.
Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама бойынша шағын несиелерді жартылай жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, өзін өз жұмыспен қамтитын, төмен қамтамасыз етілген мектеп түлектері, еңбекке жарамдылығын сақтаған мүгедектер, балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар санынан Қазақстан Республикасының азаматтары ала алады.
Несиелер сауда саласындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұлғайту, айналым капиталын арттыруға беріледі. Бір адамға ең жоғары қарыз сомасы - 3 млн.теңге, сыйақы үстемесі - жылына 6% (тиімді үстеме - 6,7%), несиелеу мерзімі - 54 айдан аспайды.
2013 жылғы 11 қазанда, жұма күні БАҚ өкілдері үшін «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы бойынша несие алған Е.Ж.Халықовтың шаруа қожалығына баспасөз туры ұйымдастырылады. Нысан Алматы облысы, Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында орналасқан, Алматы қаласынан 32 шақырымда. Іс-шараға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басшылығы, облыс әкімдігінің өкілдері, қарыз алушы қатысады. Қарыз сүтті тұқымды ірі қара мал сатып алуға берілген. Өнім сүт өңдейтін ірі зауытқа тапсырылады.