Ауыл мектептерінің мұғалімдері оқушыларды биология пәні бойынша олимпиадаға дайындаудың әдістерін игерді
ПАВЛОДАР. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының ауыл мектептерінің мұғалімдері оқушыларды биология пәні бойынша олимпиадаға дайындаудың әдістерін игерді, деп хабарлады «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығынан. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназиясына «оқуға» барлық ауданнан 40 мұғалім келді.
Павлодардағы Инновациялық еуразиялық университеттің ғалымдарының арқасында биологтардың сабақтары жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Университет ғалымдары ауыл мұғалімдеріне оқушыларды ботаника, биология және генетика бойынша олимпиадалық есептерді шешуге дайындау туралы әңгімелеп берді.
Ал мамандандырылған мектептердің жетекші оқытушылары ауылдан келген әріптестерімен зияткерлік жарыстар мен турниге қатысушыларды оқытудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Павлодарлық «Ертіс дарыны» орталығының семинарлары дарынды балаларды анықтаудың, оқытудың және дамытудың жаңа технологияларын енгізуге көмектесуде.