«Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқанына дайын

Оның айтуынша, партия Қазақстанның барлық облысы мен аудандарында сайлауалды штабын ашқан. Штаб сенімді тұлғалар мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіріп отырады.
«Штабтардың барлығы үгіт-насихат науқанына қажетті өнімдермен қамтылған. Барлық штабта сайлауалды бағдарламамыз бар. Партия 16 мың плакат, 16 мың үнпарақ, 3200 дана партияның сайлауалды бағдарламасы, партияның футболкаларын, бейсболка мен мойынорағыштарын шығарды. Сондай-ақ, үгіт-насихат науқанының барысында өңірлерге шығып, жұмысшылармен кездесеміз, флеш-мобтар ұйымдастырып, онлайн түрде және жалпылама акциялар ұйымдастырамыз», - деп хабарлады Р.Жоламан.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы 2 ақпанда құрылған болатын. Штаб жұмысының мақсаты - үгіт-насихат жүргізу.