«Ауыл» партиясының аймақтық штабтары жұмысын ширата түсті

Штаб жетекшісі Әбілжан Хұсайыновтың мәліметінше, үгіт-насихат кезеңі басталған күннен бастап, Республикалық және аймақтық штабтың белсенділері 80-нен астам іс-шара ұйымдастырған, деп хабарлады «Ауыл» ХДПП баспасөз қызметі.
Еліміздің барлық өңірлерінде болып, халықпен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, қарқынды жұмыс жүргізген. Партияның барлық үгіт материалдары дер кезінде дайындалып, облыстық штабтарға жеткізілді. Сонымен қатар халықты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру шаралары үздіксіз жүруде.
«Күн демей, түн демей, мереке күндеріне қарамастан, үгіт-насихат шаралары бір сәтке де тоқтаған емес. Бірталай шаралар жүзеге асырылды. Енді бүгін жүріп өткен жолымызды бір шолып, алдағы міндеттерді жаңаша қарқынмен жүргізуге қамданып жатырмыз», деп атап өтті штаб жетекшісі.
Партия билборды еліміздің барлық өңірлерінде орнатылған. Сайлауалды насихаттық бейнероликтер республикалық арналардан көрсетілуде.