Ауыл шаруашылығы министрлігінде Есеп комитеті мен «ҚазАгро» холдингінің ірі агроөнеркәсіп кешендерін салуға қатысты мәселелері талқылануда ? вице министр

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауыл шаруашылығы министрлігінде Есеп комитеті мен «ҚазАгро» ұлттық холдингінің ірі агроөнеркәсіп кешендерін салуға қатысты мәселелері талқылануда.
Бұл жөнінде бүгін журналистерге сұхбат берген Ауыл шаруашылығы вице- министрі Мұрат Оразаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, «ҚазАгро» ұлттық холдингі тарапынан ірі тауарлы сүт фермалары мен мал бордақылау кешендерін салуға қатысты Үкіметтің қаулысымен бекітілген бюджеттік бағдарламаның құжатында осы кешендерді іске қосудың мерзімі 2008 жыл деп көрсетілген. Сондай-ақ министрлік осы кешендерді іске қосуға қатысты өткен жылдың наурыз айында өзінің тиісті шешімдерін қабылдады. Ол шешімдер ұлттық холдингпен және оның еншілес кәсіпорындарымен келісілген. «Біз жыл бойына Үкімет тарапынан бөлінген арнайы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған қаржыны уақтылы бақылап отыру мақсатында тұрақты мониторинг жүргіземіз. Осы мониторинг жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, біз биыл министрліктің кеңейтілген алқа отырысында холдингке үш ай ішінде, яғни сәуірдің 1-іне дейін барлық кемшіліктерді түзеп, жұмысты толығымен атқаруды тапсырдық. Қазір холдингтің осы мәселе бойынша атқарылған шаралары жөніндегі, яғни алқа шешімінің орындалуы туралы ақпараттары министрлікке келіп түсті. Біз оны Есеп комитетінің материалдарымен біріктіріп, қарап жатырмыз. Оның қорытындысы міндетті түрде холдингтің директорлар кеңесінің назарына ұсынылатын болады», деді вице-министр.
Соңғы жаңалықтар