Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Директорлар кеңесіндегі өзгерістер орын алды

Е.Ахметов 1970 жылғы 18 наурызда туылды, Қазақстан Республикасының азаматы.
Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Шахталық және жер астындағы құрылыстар» мамандығы бойынша үздік дипломмен (Алматы, 1994 ж.); Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша (Алматы, 1997 ж.); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік басқару» факультетін (Астана, 2000 ж.) тәмамдады. Техникалық ғылымдарының кандидаты (Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы).
Еңбек жолын 1995 жылы бастап, мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда жұмыс істеді. 2008-2010 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің сектор басшысы; 2010-2015 жылдары - «KEGOK» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры; 2015 жылғы сәуірден - «KEGOK» АҚ Бизнес трансформациясы бағдарламасының менеджері.
Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. IPMA жобаларының сертификатталған басшысы (С деңгейі).