11:55, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Ауыл жолдары мен автожолдарда полиция бақылуы күшейтілді
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Жол полицейлері Қостанай облысының аумағында ораналасқан ауыл жолдары мен республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарды қатаң бақылауға алды.
Облыстық жол полиция басқармасының бастығы Өмірбек Сүлейменовтың айтуынша, «дәл осы жолдарда әртүрлі жол ережесін бұзу оқиғалары тіркеледі. Бір апта бойы тас жолдардағы патруль бақылауы күшейтіліп, жол инспекторлары ауыл жолдарындағы көлік қозғалысын бақылайтын болады».
Полиция қызметкерлері неше түрлі оқиғаларға тап болған. Мысалға, Таран кентінде Челябинск-Рудный рейстік автобусының 50 жастағы жүргізушісі жол шетіндегі жылқыны қағып кеткен. Оқиғаның себебі жүргізушінің абайсыздығынан орын алған, ол жолдан өтіп бара жатқан жылқыны байқамай қалған. Автобус ішінде жолаушылар болмаған, жүргізуші аман-есен, жылқы малы өлген.