Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шараларды ойластыру қажет – ҚР Президенті

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев / - «Өз өмірлерін тек ауылмен ғана байланыстыратын адамдар үшін Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруы керек».

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шараларды ойластыру қажет – ҚР  Президенті

Бүгін Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына осындай міндет қойды.

«Өткен жылы ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды. Қазір бұл жұмыстар еліміздің территориялық кеңістігін 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі жобалық кесте аясында жүзеге асырылады. Ал даму деңгей жоғары елді мекендерде ауылдағы инфрақұрылымдарды дамытып, суармалы жерге қажетті суларға деген қол жетімділікті арттырып, шағын несие беру мәселесіне көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ онда кәсіпкерлікке баулитын шараларды ұйымдастыру да басты назарда болмақ», - деді Елбасы.

Президенттің сөзінше, бүгінде елде шағын несие беруші ұйымдардың қызметтерінің заңдық негіздері қалыптасқан. «Бүгінде олардың саны нарықта 1 200-ге жуықтайды және олар тұрғындарға осы уақытта 16 миллиард теңгеден астатын 110 000 несие беріп үлгерген. Алайда несиелер негізінен тұтынушылық мақсаттарға жұмсалып отыр, несиелердің ставкалары да жоғары. Бұл жағдайды өзгерту керек. Сондықтан мен Үкіметке шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен қажетті шараларды дайындауды тапсырамын. Мен осы бағытта шағын несие үшін қосымша үш миллиард теңге қарастырып, 2012-2015 жылдары қаржыландыру жұмыстарын 10-15 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырып отырмын», - деді ҚР Президенті.