Ауылдағы жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу үшін алдағы 3 жылда қазынадан 14 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді - Н. Назарбаев

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алдағы үш жылда ауылды жерлерге қоныс аударған жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу үшін республикалық бюджеттен 14 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылдан бастап, біз ең алдымен ауылдағы жас мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін нөлдік ставка бойынша бюджеттік несиелерді беруді шешуіміз қажет. Осы жылдан бастап ауылды жерлерге қоныс аударған жас мамандарға көтерме жәрдемақылар төленуде. Алдағы үш жылда бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 14 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент депутаттық корпус ауылды жерлерде жұмыс істейтін жас мамандарға көмек көрсетудің жоспарлаған іс-шараларын қолдауы тиістігін атап көрсетті. «Мен жоғары оқу орындарын бітірушілердің барлығын ауылға қажетті мамандықтар бойынша ауылды жерлерге барып жұмыс істеуге шақырғанымды білесіңдер. Жастар бұл бастаманы белсенді қолдады», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар