Ауылдардың және кенттердің әкімдері есеп беруде ? Семей

СЕМЕЙ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Семей аймағында ауылдық және кенттік округтердің әкімдері 2008 жылғы жұмыстардың қорытындылары бойынша аудан әкімдіктері құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен халық алдында есеп беруде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесу барысында елді мекендердің тұрғындары тек атқарушы биліктің жасаған жұмыстары туралы есеппен танысып қана қоймайды, сонымен қатар көкейкесті проблемаларды талқылауға да белсенді қатысады.Кездесу өткен Озерный, Приречный, Знаменский, Новобаженов және басқа да ауылдық округтердің тұрғындары әкімдердің аймақтарда жүргізген әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын орындаудағы мақсатты жұмыстарын атап өтті. Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз ету, абаттандыру, жолдарды жөндеу мен салу, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды шешу бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты.
Соңғы жаңалықтар