Ауылдық аудармашылар мен іс жүргізушілер кәсіби деңгейін арттыруда - Павлодар облысы
ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 21 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Шербақты ауданындағы мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың аудармашылары, қазақ тілінің мұғалімдері мен 80 іс қағаздарын жүргізуші «Іс қағаздарын жүргізудің көкейкесті проблемалары» семинарына қатысты, деп хабарлады Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы.
Облыс орталығының мемлекеттік тілді үйрету жөніндегі «Ана тілі» орталығы қатысушылармен тіл мәдениеті, лексика, ауызша және жазбаша аударма кезіндегі терминология мен стиль проблемаларын талқыға салды.
Олар қазақ тілінде іс жүргізетін шербақтылық мамандарға тәжірибелік көмек көрсетті.