Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауылдық аймақтағы мәдениет нысандарының қаржылық жағдайын реттеу қажет - Сенат депутаты

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ауылдық аймақтағы мәдениет нысандарының қаржылық жағдайын реттеу қажет. Бұл туралы бүгін сенатор Анатолий Башмаков Парламент Сенатының жалпы отырысында Қаржы және бюджетті жоспарлау министрі Болат Жәмішевке жолдаған депутаттық сауалында атап өтті,

Ауылдық аймақтағы мәдениет нысандарының қаржылық жағдайын реттеу қажет - Сенат депутаты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, еліміздің бюджет кодексі бойынша ауылдық мәдениет нысандары, яғни клубтар мен мәдениет үйлері 2005 жылдан бастап, ауылдық округ әкімдіктеріне берілді. «Аталмыш шара мәдениет нысандарының жағдайын біршама қиындатып жіберді десе болады. Себебі мәдениет нысандары бүгін ауылдық аймақта жастарға арналған би кеші, концерттер мен ұлттық немесе өзге де киімдерді жалға беру, той-думандар өткізу сияқты ақылы қызметтер көрсете алмай отыр. Мәдениет нысандарын жергілікті ауылдық әкімдіктерге беру жөніндегі заң болмай тұрған кезде, яғни 2004 жылға дейін бір ғана «Мамлют» ауданының клубтары жылына 2,5 миллион теңге қаржы тауып отырған. 2005 жылдан бастап аталмыш қызметтер құрыды. Сондықтан Қаржы және бюджетті жоспарлау министрлігі осы мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдап қалыптасқан жағдайды шешсін деген ұсынысым бар», деді сенатор.