Ауылдық мектеп түлегі ҰБТ-да 123 баллды еншіледі - Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды.
None
None

Облыс мектептерінің түлектері биыл өткен жылғымен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетті. ҰБТ-ның үш күндік қорытындысы бойынша облыс бойынша орташа ұпай 84-ті құрады. Өткен жылғы көрсеткіш - 76,8 ұпай. «Алтын белгіге» үміткер 325 түлектің 49,7 пайызы ақтап шықты. Халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлері - 70 оқушы. Олар ҰБТ тапсырудан босатылды», - дейді Білім басқармасының бас маманы Дина Орнова.

Облыс бойынша ең жоғары баллды 2 мектеп түлегі жинады - олар М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Жанар Болатова мен «Сымбат» жекеменшік мектебінің бітірушісі Айдана Мұрат. Сондай-ақ Байғанин ауданының ауылдық мектебінің түлегі Аян Оразбек оқу озаты атанбай-ақ, «Алтын белгі» үміткері болмай-ақ 123 баллды еншіледі.

Соңғы жаңалықтар