Ауылдық округ әкімі «Мәдениет қайраткері» атанды

ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Зеленов ауданына қарасты Щапов ауылдық округінің әкімі Айтқали Әбжан «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Ауылдық округ әкімі «Мәдениет қайраткері» атанды

ҚР Мәдениет министрлігінің бұл марапаты оған республика аймағында мәдениет пен өнерді, тілдерді дамыту саласындағы еңбегі үшін және мерейтойына орай берілді. Күллі еліміз бойынша мұндай марапатқа ие болған округ әкімі әзірге біреу ғана.

Актив жиынында аудан әкімі Ғайса Қапақов мерейгерді құттықтап, иығына шапан жапты. Сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы өкілдері, жаңақалалық жерлестері мен әріптестері өз сый-тартуларын табыс етті. Айтқали Әбжан Жаңақала ауданында тұрып, қызмет істеген кезінде де ауыл-аймаққа әншілігімен танылған болатын.