Ауылдық жерлерде жас мамандарға деген сұраныс 26 мың адамды құрайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының қалалық филиалы, Қазақстан ауыл жастары одағы және Қазақстан студенттер альянсы ұйымдастырды. 2008 жылдың қаңтар айынан басталған «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін 2 мың жас маман ауылға барған.
«Қазіргі таңда ауылдық жерлердің жас мамандарға деген сұранысы - 26 мың адамды құрайды. Олардың 60 пайызы медицина саласының қызметкерлері болып отыр. Сол себепті біз алғашқы қадамды сіздерден бастадық», дейді қалалық «Жас Отан» қанаты Бас хатшысының орынбасары Самғат Ермекбаев. Оның айтуынша, алдағы уақытта мұндай шараларды «Жас Отан» өзге жастар ұйымдарымен бірлесіп барлық оқу орындарында өткізуді жоспарлап отыр.