15:12, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ауылдың жас кәсіпкерлеріне істерін дамытуға аудан әкімінің гранттары бөлінеді - Қарағанды облысы
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Өз істерін дамыту үшін ауылдың жас кәсіпкерлеріне Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің гранттары бөлінеді,
деп хабарлады аудан әкімдігінен.
Гранттың сомасы 200 мың теңгені құрайтын болады және оған 29 жастан аспаған жас кәсіпкерлер таласа алады, деп түсіндірді әкімдік мамандары. Гранттарды тағайындау үшін аудан әкімінің нұсқауымен арнайы комиссия құрылып отыр. «Жобалар бірнеше бағыттар бойынша іріктеледі. Комиссия мүшелері сонымен бірге, аталмыш жобалардың нақты елді мекен үшін өзектілігін ескереді», - дейді әкімдіктегілер.
Жергілікті атқарушы өкімет осындай әдіспен ауыл жастарының жұмыспен қамтылу деңгейін көтеріп, кедейшіліктің деңгейін төмендетуге үмітті.