Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуірде Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады.
None
None

Жарыста еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде, деп хабарланды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен.

Чемпионаттың нәтижесінде биыл Әлем чемпионатына (4 - 16 қараша, Алматы) Қазақстан атынан қатысатын ауыр атлетика бойынша құрама командаларының құрамы бекітілетін болады. Бұл дода 23 сәуірге дейін жалғасады.

Осы жарыс аясында 24 сәуірде Ауыр атлетика федерациясының конференциясы мен Республикалық бапкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Республикалық бапкерлер кеңесінің шеңберінде Алматыда өтетін Әлем чемпионаты мен Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындаудың жоспары мен стратегиясы қарастырылады, сонымен қатар, 2014 жылғы бірінші тоқсандағы бапкерлер жұмыстарының жалпы қорытындысы беріледі.

Конференцияның барысында Pricewaterhouse Coopers жетекші халықаралық кеңесшінің ұсыныстарына сәйкес дайындалған 2014-2016 жылдарға арналған Ауыр атлетика федерациясының даму бағдарламасын қарастыру мен бекіту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар