Ауыр жарақаттанған Бразилия президенттігіне үміткер сайлау науқанында алда келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада қастандық салдарынан ауыр жарақат алған ұлттық парламенттің депутаты, Бразилия президенттігіне үміткер Жаир Болсонару  сайлау жарысында фаворит болып отыр. Бұған дүйсенбі күні кешкісін жарияланған Datafolha әлеуметтік орталығының сауалнама деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Социал-либералдық партияның атынан қатысып жатқан Болсонаруға сайлаудың бірінші турында сайлаушылардың 24% дауыс беруге ниетті. Тамыз айының соңында жүргізілген сауалнама барысында депутатты 22% бразилиялық қолдауға дайын болды. Зерттеу 10 қыркүйекте елдің 197 муниципалитетінде жүргізілді. Оған 2804 адам қатысты.

Бұл рейтингте екінші орынды Демократиялық трабальистік партиядан Сиру Гомес (13%) иеленсе, үшінші орында - Rede жасыл оппозициялық партиясының көшбасшысы Марина Силва тұр. Оған тұрғындардың 11%-ы дауыс беруге ниетті.

Еске сала кетсек, өткен бейсенбіде Болсонаруды елдің оңтүстік-шығысында Минас-Жерайс штаты Жуиз-ди-Фора қаласында сайлаушылармен кездесу кезінде пышақтаған. Шабуыл жасаушы оқиға орнында ұсталды.

Бразилияда жалпыға ортақ сайлау 7 қазанда өтеді. Сайлауалды науқаны 15 тамызда басталды. 

Соңғы жаңалықтар