Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ауызашарға барған қарағандылықтардың неден уланғаны белгілі болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті Қарағандыда адамдардың жаппай улануының себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауызашарға барған қарағандылықтардың неден уланғаны белгілі болды

Улану оқиғасының бактериологиялық зерттеу қорытындысы бойынша, тәттілерден сальмонеллез табылды.

«Адамдардың жаппай улануына жылқы мен сиыр етінен әзірленген бесбармақ, сондай-ақ сақтау мерзімі бұзылған қызыл бархатты пирожный себеп болуы мүмкін екендігі айтылуда», - деді облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім басшысы Жакия Жашибекова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағандыда ауызашарға барған адамдар жаппай уланып, ауруханаға түскен. Ауруханаға астан улану белгілерімен 20 адам қаралған. Барлығында жоғары дене қызуы, құсу, іш өту сияқты, жалпы өткір ішек инфекциясына тән белгілер болған. Бұл мәселеге қатысты еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин пікір білдірді.