Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ауызсу» бағдарламасының арқасында суды сырттан таситын ауыл тұрғындардың саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін азайды-Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев

АНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Ауызсу» салалық бағдарламасының арқасында суды сырттан тасып ішетін ауыл тұрғындарының саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін қысқарды.

«Ауызсу» бағдарламасының арқасында суды сырттан таситын ауыл тұрғындардың саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін азайды-Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Министр, 2002 жылы жүзеге асырыла бастаған аталмыш бағдарлама өткен жылы аяқталғанын атап өтіп, осы жылдар ішінде 3417 ауылдық елді мекенде сумен қамтамасыз ету түйіткілі шешілгенін айтты.

«Бағдарламаның аяқталуымен Үкіметтің тапсырмасы бойынша, ауызсу проблемаларын шешуге арналған 2020 жылға дейінгі «Ақбұлақ» жаңа бағдарламасы әзірленді», - деді Күрішбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа бағдарлама аясында ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету проблемалары кешенді түрде шешілетін болады. Яғни жүзеге асырылатын әрбір жоба жұмыстардың толық көлемде аяқталуына бағытталады.