«Аватар» кассалық жинау бойынша «Титаниктен» асып түсті
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмі мұның алдындағы чемпион - Кэмеронның өзі қойған «Титаниктен» асып түсіп, әлемдік кассалық рекордшы болды. Бұл жөнінде «ХХ ғасыр Фокс» прокаттаушы компаниясы мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен жұманың аяғында «Аватар» жинаған бүкіл әлемдік қаржы 1,292 миллиард АҚШ долларынан асты, ол 1,242 миллиард АҚШ долларын құраған «Титаниктің» 13 жылдық рекордынан 50 млн. АҚШ доллары көлемінде көп.