Авраам Линкольнның 8 жасар оқушыға жазған хаты 60 мың долларға сатылмақ
АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың 16-шы президенті Авраам Линкольнның осыдан 150 жылдай бұрын жазған хаты Филадельфияда өткен аукциондағы ең қымбат лоттардың бірі болды.
Хаттың бастапқы бағасы 60 мың долларға бағаланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Асығыс жазылған және 9 жолдан тұратын хаттың бірегейлігі сол, ол оқушы балаға арналған.
Америка тарихына азат етуші батыр ретінде кірген, құлдықты жойған президент, сонымен бірге эпистолярлық жанрдың нағыз шебері болған.
Ең қызығы, 1861 жылы наурыздың 19-да жазылған және 8 жасар оқушыға арналған бұл хат ресми емес, кездейсоқ оқиғаның куәсі, сондықтан да коллекционерлер мен дәуірді зерттеушілер үшін ол аса құнды материал.