Австралияда 16 елдің дипмиссиясына күдікті сәлемдеме жіберілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия Федералдық полициясы Мельбурн және Канберрада орналасқан 16 елдің елшіліктері мен өкілдіктеріне құрамында қауіпті ақ түсті ұнтақ бар сәлемдеме жіберілгендігін растады. Бұл туралы сәрсенбі күні АВС телерадиокорпорациясы хабарлады.
None
None

Тергеу амалдары Ұлыбритания, Германия, Грекия, Мысыр, Үндістан, Италия, Индонезия, Испания, Жаңа Зеландия, Пәкістан, АҚШ, Түркия, Франция, Швейцария, Хорватия және Оңтүстік Корея елдерінің дипөкілдіктерінде жүргізілді.

«Бүгін бірнеше консулдық мекемее күдікті пакеттер жеткізілген. Бұл дипломатиялық өкілдіктерге ықпал ету үшін әдейі жіберілген, бірақ азаматтардың өміріне қауіпті емес», - делінген Виктория штаты полициясының таратқан мәлімдемесінде.

Елдің апаттық қызметтері Мельбурн және Канберра дипмиссияларының аумағына күдікті пакеттердің жеткізілгені туралы сағат шамамен 14:00-де (жергілікті уақытпен сағат 06:00) ескертілді. Федералдық полиция және Виктория штатының полициясы күдікті сәлемдемелер жеткізілген өкілдіктерде тексеру жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Фото: newsru.co.il

Соңғы жаңалықтар