Австралияда әлемдегі ең ірі алқызыл алмаз табылды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Австралияда елдің тау-кен саласының тарихында  әлемдегі ең ірі алқызыл алмаз табылды, деп хабарлайды Утро. ру.

Австралияда әлемдегі ең ірі алқызыл алмаз табылды

Салмағы 12,5 караттан асатын асыл тас Кимберлидің шығыс өңіріндегі Rio Tinto компаниясының иелігіндегі Аргайл алмаздық кен орнынан табылды. Он күнге созылатын бедерлеуден кейін сарапшылар тасқа бағасын береді.

 Содан кейін Rio Tinto олжасын Нью-Йорк пен Гонконг  арқылы халықаралық турнеге жіберуді жоспарлап отыр. Кейінірек ағымдағы жылы тас саудаға шығарылады.