Австралияда әлемдегі ең тәтті алма өсірілді
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Австралиялық зерттеушілер алманың жаңа сұрпын шығаруға 20 жылдық уақыттарын жұмсады және оны өсіргендер әлемдегі ең тәтті алма екенін тамсана айтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Жаңа сұрыптың әзірге аты жоқ, сондықтан оны RS103-130 деп атайды. Алманың бұл сұрпы екі апта бойы жаңа үзілген күйінде қалып, бұзылмайды және сөлін жоймайды. Егер оны тоңазытқышта ұстаса, сақтау мерзімі бірнеше айға дейін созылады.
Алманың дәмін еріктілерден құралған топ татып көрді. RS103-130 өте жақсы нәтижелер көрсетті. Сынаққа қатысқандарға мұндай алмалар басқа сұрыптарға қарағанда дәмдірек болып көрінген.