Австралияда ежелгі адамдардың тұрағы табылды

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Ғалымдар Австралияда ежелгі адамдардың тұрағын тапты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

Мамандар Грегори көлінің жағасындағы үлкен тасты зерттегеннен кейін мұның адамдарға қатысы бар деген қорытындыны жасады. Бұл су қоймасы құрлықтың қуаң солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бұған дейін ғалымдар онда адамдардың болған белгілерін кезіктірмеген еді. Таста кертілген іздер жақсы сақталған. Адамдар кесек жынысты еңбек құралын жасау үшін шетінен кертіп, сындырып алып отырған.

Ғалымдар оптикалық зерттеу әдісімен тастың жасын анықтады. Бұл тәсіл тас жатқан жердегі топырақ қабаттарына қай кезеңде Күн сәулесі түскенін бағалауға мүмкіндік береді. Мерзімді белгілеу нәтижелеріне сай, тастың жасы 45 мыңнан 50 мың жылға дейінгі  аралықты құрады. Яғни адамдар австралиялық құрлықты соңғы мұз дәуірі орнағанға дейін мекен еткен.

Соңғы жаңалықтар