04:55, 28 Қазан 2025 | GMT +5
Австралияда шахтадағы жарылыстан екі адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Оңтүстік Уэльсте шахтадағы жарылыстан бір ер және бір әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Belta агенттігі.
Бұл туралы штаттың полиция қызметі жариялаған.
— Бүгін таңертең елдің Қиыр Батыс аймағындағы жерасты шахтасында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Зардап шеккен бір азамат шок күйінде ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Венесуэлада алтын өндіретін шахта опырылып, 14 адам көз жұмған болатын.
Сондай-ақ Қытайдың шығысындағы қараусыз қалған шахтада 5 адам қаза тапты.