Австралияға мөлшері Гонконгтай болатын айсберг қалқып келді
АСТАНА. Желтоқсанның 14-і. ҚазАқпарат - Ғалымдар Австралияға таяу маңда таудай айсбергті анықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.
Ені мен ұзындығының көлемі 19 және 8 шақырым болатын кесек мұз (мұздың алаңы Гонконгтың алаңындай) құрлықтан оңтүстікке қарай 1700 шақырым қашықтықтан көрінеді. Айсберг NASA және ESA спутник суретке түсірудің аппараттарының көмегімен анықталды және B17B деген атауға ие болды.
Ғалымдар мұздың жиынтық алаңы 487 мың шаршы шақырым болатын Росса атты қайраңдағы мұздақтың сынған бөлігі болуы ықтимал деп ұйғаруда. Сынған бөліктің алаңы бастапқыда 400 шаршы шақырымды құраған, алайда кейіннен ол бірнеше ұсақ бөліктерге майдаланған. Қиыр солтүстікке осыншама қашықтыққа ағып баруы үшін, зерттеушілердің есебінше, айсберг 10 жылға таяу уақыт жүзген.