Австралиялық аңшы қортық бегемотты доңызбен шатастырып атып алды

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - «Олжасын» қылшық құлақты доңыз бен шатастырған австралиялық аңшы қортық бегемотты атып алды,

Австралиялық аңшы қортық бегемотты доңызбен шатастырып атып алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

27 жасар Нико Кортнидің журналистерге әңгімелеп бергеніндей, оқиға түн ортасында болған. Аңшылар  қашып бара жатқан аңды ту сыртынан байқап қалады да, оны доңыз екен деп ойлайды. Кортни жануарды бір атқаннан сұлатып салып, жанына келгенде оның бегемоттың баласына ұқсайтынын көреді. Алайда бегемоттардың Африкада тіршілік ететінін білетін австралиялық аңшыны оның бұл жерге қайдан тап болғанына таңғалады.