10:34, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Австралиялық ботаникалық бақта күлімсі иісті алып өсімдік гүлдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралия оңтүстігінде ботаникалық бақта күлімсі иісті екі метрлік аморфофаллус гүлдеді. Өсімдіктен сасық шіріген иіс шығады.

Аморфофаллусты бақта егілгеніне 10 жыл өтті. Ол өте кірпияз гүл. Оны өсіру ерекше күтімді қажет етеді. Өсімдік 10-17 жылда бір рет қана гүлдейді. Ботаникалық бақ қызметкерлері үшін оның гүлдеуі нағыз мереке десе болады.
Оның гүлдеп жатқанын ботаниктер бірнеше апта бұрын ғана білді. Бір қызығы, гүлдеген өсімдікті небәрі екі аптаның ішінде ғана тамашалауға болады.
Ботаникалық бақта әдетте гүл екі метрге дейін өседі. Ал табиғат аясында оның биіктігі үш метрге дейін жетуі мүмкін. Гүлдің салмағы 75 келі. Фото: JEAN-SEBASTIEN EVRARD/AFP