Австралиялықтар алып жануарларды абайсызда жойып жіберген

АСТАНА. Қаңтардың 28-сі. ҚазАқпарат - Палеонтологтар Австралияның аумағында тіршілік еткен ежелгі алып жануарлардың (мегафауна) ықтимал қырылу себебіне адамның ықпалы болғанын анықтады,

Австралиялықтар алып жануарларды абайсызда жойып жіберген

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Жаңа зерттеулердің аясында ғалымдар алып жануарлардың сүйектері мен тістерінің бөлшектеріне электронды парамагнитті әсер тудыратын әдістің көмегімен мерзімін белгілеуді жүргізді. Нәтижесінде оларға табылған қалдықтардың жасы 50 мың жылдан аспайтынын анықтаудың сәті түсті. Мұның алдында топырақтағы көмір құрамы мен кварцты кристалдардың мерзімін белгілеуге арналған әдіс мүлдем басқа мәндегі көрсеткішті берген болатын.

Зерттеушілердің айтуынша, австралиялық мегафауна бұдан 40 мың жыл бұрын жойылған, ал адамдар континентті 45-60 мың жыл бұрын қоныстана бастаған. Осылайша, жаңа нәтижелер мегафауна мен адамдардың, жалпы алғанда, бертінде ғана бірге өмір сүргенін көрсетті. Бұл жағдай ғалымдардың айтуынша, жануарлардың қырылуына адамдар себепші болғанының дәлелі болып табылады.