Австрияда 14 жасқа толмаған қыздарға мектепте орамал тағуға тыйым салынды

АСТАНА. KAZINFORM – Австрияда жаңа оқу жылынан бастап 14 жасқа толмаған қыздарға мемлекеттік және жекеменшік мектептерде орамал тағуға, бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынды. Бұл туралы Kazinform агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Австрийские школьницы младше 14 лет больше не смогут носить платки
Фото: Sky News

Үкімет бұл заңды «гендерлік теңдік қағидатын қолдайтын нақты белгі» деп бағалап, оның қыздардың құқығын қорғауға бағытталғанын мәлімдеді.

Алайда сыншылар жаңа заңның Конституцияға қайшы келуі мүмкін екенін алға тартады.

Жаңа талаптың орындалуын енді мектеп мұғалімдері қадағалайды. Оқушы қыздың орамал таққанын байқаған жағдайда, педагог оған және оның заңды өкілдеріне түсіндіру жұмысын жүргізуге тиіс.

Құқықбұзушылық қайталанған жағдайда мұғалімдер балаларды қорғау қызметіне хабарлауға міндетті. Ал талапты сақтамау жалғаса берсе, ең соңғы шара ретінде оқушының ата-анасына немесе заңды өкілдеріне 800 еуроға дейін (шамамен 930 АҚШ доллары) айыппұл салынуы мүмкін.

Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Португалияда бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынды.

Мұндай талаптар Франция, Бельгия, Австрия, Дания және басқа да бірқатар елдерде бұған дейін енгізілген.

 

Ақзат Бақытжанқызы